Жаңалықтар
-
-
-
24.01.2025 “Аяулы келін – 2025” сайысы 2024-2025 оқу жылының 24 қаңтарында “Нұрсая” бөбекжайында тәрбиешілер арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді насихаттау және қазақ келіндерінің инабаттылығы мен өнерін көрсету мақсатында “Аяулы келін – 2025” атты іс-шара өтті. Бұл сайыс тек өнер жарысы ғана емес, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың ұлықталатын ерекше алаңы болды. Қатысушылар өздерінің шеберліктері мен инабаттылықтарын көрсетіп, қазақ келінінің бойындағы асыл қасиеттерді паш етті. Жеңімпаздар мен номинация иегерлері: https://www.instagram.com/p/DFNz_JrsPGI/?img_index=7 -
22.01.2025 Әр апта сайын өтетін әдістемелік сағаттан үзінді https://www.instagram.com/p/DFHRqT6o-IH/ -
21.01.2025 Гульзат Оразбаевна Бақтыбаевна мен оқу ісі жөніндегі орынбасары “Нұрсая” бөбекжайымызға ізгі тілектерін білдіріп,құттықтап келіп,бірлесе отыра сенімді қарым-қатынас орнату және оқу-тәрбие серіктестігін жасау мақсатында келісім жасалып,мемарандумға қол қойылды https://www.instagram.com/p/DFE3SejsbcW/?img_index=1 -
-
17.01.2025 Әкелер мектебімен бірлесе отыра ортаңғы топтарда “Қамшы өру” атты іс шара өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының өнерін дәріптеу ,келешек ұрпаққа қамшы өру өнерін үйрету,мақтаныш сезімін ояту,өнерге деген ынтасын дамыту,әдемілікке,сұлулыққа,талғампаздыққа тәрбиелеу; балаларды өз елін,қазақтың қол өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/DE674nhMqC2/ -
16.01.2025 “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бөбекжайымызда “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы!” атты педагогтарға арналған семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты: “Бестемше” ұлттық ойынның ережесімен және ойын тақтасымен таныстыру. Ұлттық ойындарды бөбекжай тәжірибесінде кеңінен қолдана отырып, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/DE4zoaUsS8d/ -
-
15.01.2025 2024-2025 оқу жылындағы Көкшетау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар» облыстық байқауының қалалық кезеңінен жүлделі 1 - орын алып, облыстық деңгейге өтіп 3 - орын иеленген: меңгеруші Алтынгүл Дамысқызы және әдіскер Ақерке Ерланқызын шын жүректен құттықтаймыз https://www.instagram.com/p/DE2aNkzsvC0/?img_index=1