Бөбекжай ішілік “Екі жұлдыз” байқауының іріктеу кезеңі өткізілді.Біз бүгінгі байқауда тәрбиешілер мен балалардың жұптасып ән айтуларын тамашалап және оза шапқан жарық жұлдыздарды іріктеп алдық. Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қабілеттерін,өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, бала және тәрбиеші арасында тығыз байланыс орнату. Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларымызға сәттілік тілейміз