«Қарттарым – асыл қазынам» Бөбекжайымызда 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа үлкенді сыйлау, қарттарды құрметтеу, олардың өмірлік өнегесі мен ақыл-кеңесін дәріптеу, мейірімділік пен ізеттілік құндылықтарын қалыптастыру. Қарияларымыздың әрбір айтқан сөзі – өмірлік сабақ, әрбір ақ батасы – ұрпаққа берілген үлкен мұра. Қарты бар үйдің – қазынасы бар! Ардақты қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!