Көкшетау қаласында "Кимешек шеруі" атты ерекше іс-шара өтті. Қаламыз Наурыз мейрамында рекорд орнатты. Себебі мереке қарсаңында 1600-дан астам кимешек киген әйелдер шеруі өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының Гиннес рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді. Шеруге “Нұрсая” бөбекжайының тәрбиешілері мен ата-аналары белсене қатысты. Бұл шеру ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және ұмытылуға айналған халық өнерін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар ұлттық киімдерді, соның ішінде кимешекті көрсету арқылы халықтың дәстүрлеріне, мәдениетіне құрмет көрсетті. Шара барысында түрлі жастағы әйелдер кимешек киіп, түрлі үлгіде жасалған кимешектерді таныстырды. Кимешектің әрқайсысының өзіндік тарихы мен мән-мағынасы бар, бұл киімнің әйелдер үшін маңызды рөл атқарғанын көрсетеді. Кимешек шеруі көптеген адамдарды жинап, ұлттық бірлікті нығайту және жастарды дәстүрлерімізбен таныстыруға зор мүмкіндік берді. Қатысушылардың арасында қуаныш, бірлік және мақтаныш сезімі байқалды. Бұл шарадан кейін де кимешек және басқа да ұлттық киімдерге деген қызығушылықтың артып, халқымыздың мәдениетіне деген құрметтің күшеюіне септігін тигізетіні сөзсіз.

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу