Педагогикалық кеңес «”Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымның әлеуметтік серіктестігі – көркемдік-эстетикалық тәрбие міндеттерін іске асырудың негізі” тақырып аясында семинар-практикум өткізілді. Мақсаты:отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік серіктестігін нығайту арқылы балалардың көркемдік-эстетикалық тәрбие алуын қамтамасыз ету. Бұл серіктестік балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және өнерге деген қызығушылығын арттыру үшін маңызды. Сонымен қатар, отбасы мен білім беру ұйымдарының тығыз байланысы арқылы балаларға сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік және жеке дамуына ықпал ету көзделеді.
18.02.2025
Просмотров: 12