2025 жылдың 10 қаңтарында “Нұрсая” бөбекжайында біртұтас тәрбие бағытында “Әкелер мектебі” атты іс-шара өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – әкелердің тәрбиелік үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету және отбасылық құндылықтарды нығайту болды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілеріміздің әкелері ұлттық ойындарға белсене қатысып, өзара күш сынасты. Балалар өз әкелерінің қатысуымен ұйымдастырылған жарыстарды ерекше қуанышпен тамашалады. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ұйымдастырушылар бұл бастаманың болашақта да жалғасын табатынына сенім білдірді. “Әкелер мектебі” шарасы ата-аналар мен бөбекжай арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде жоғары деңгейде өтті деген қорытынды жасауға болады. Уақытын бөліп, бүгінгі іс-шарада белсенді қатысқандарыңыз үшін көп рахмет, әкелер!

Просмотров: 10

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу