Ұмыт болған әдет-ғұрып қайта жаңғыруда. Қазақ халқы әр іс-шараның басталу және аяқталу сәтін текке өткізбеген. Қандай істі болмасын елеп-ескеріп, соған сәйкес әдеп-ғұрпы мен ырым-тыйымын жасаған. Бүгінде әжелер мектебі мүшелері бөбекжайымызға келіп ,балалармен жүн сабауды көрсетті. Осылайша әжелеріміз жырдан шашу шашып, арқа-жарқа болып тарқасты.