Ақмола облыстық Аналар кеңесі жанындағы “Әжелер клубының” белсенді мүшесі Айткужина Күлайым әжеміз бүгін бөбекжайымыздың тәрбиеленушілеріне “Әжемнің ертегісін” айтып берді. Тағылымы мол ертегі арқылы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, қиялын дамытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды. Балалар әже әңгімесін қызыға тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.